Бұған дейін ол Париждегі Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын.
Ауруынан айыққан Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде жеңіліп қалды
Фото: ҚТФ
1,649
оқылды

Теннистен Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғашқы айналымнан әрі аспады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1bol.kz-тің жазуынша, жерлесіміз 1/16 финалда канадалық теннисші Лейла Фернандеспен кездескен болатын. Матч үш сетке созылды. Рыбакина 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңілді. Ойын екі сағат 35 минутқа созылды.

Бұл – Елена үшін Уимблдоннан кейінгі бірінші жарыс. Бұған дейін ол Париждегі Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын. Түркияда балмұздақ жеп жүрген теннисші Париждегі жарысқа бір күн қалғанда бронхит болып ауырып қалғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, дәл осы Лейла Фернандеспен Қазақстанның өзге теннисшісі Юлия Путинцева жұп құрып өнер көрсетіп жатыр. Олар бірінші кездесуде жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.