Синоптиктер қыркүйектің алғашқы онкүндігінде ауа райы жылы болатынын айтты.
Биыл қыркүйек айында ауа райы қандай болады?
32,081
оқылды

«Қазгидромет» биылғы күз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйектің алғашқы онкүндігінде ауа райы жылы және жауын-шашын мөлшері аз болады. Кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болуы ықтимал. Жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі. Солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік жүреді.

Ал республиканың оңтүстік аймақтарында жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанып отыр. Сәйкесінше, ауа температурасы басқа өңірлерге қарағанда жылы болады. Алайда, ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.