Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.
Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz
1,280
оқылды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ. 

Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:

Ұлдар:  

60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков   

66 келі: Аян Байкенжеев   

73 келі: Ернар Кеңесхан  

81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов  

90 келі: Егорь Раков 

-100 келі: Дінасыл Тәттімбек  

+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы 

Қыздар:  

48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали  

52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек  

57 келі: Дина Мұханбет  

63 келі: Ұлдана Таңжарықова  

70 келі: Әділ Сағира 

-78 келі: Анастасия Нагачевская 

+78 келі: Руслана Махатова  

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.