Ол продюсерге күш-қуат тілеп, ақ тілегін жеткізген.
«Кейде шыдамым жетпейді»: белгілі тележүргізуші сәбилі болған Баян Мақсатқызын құттықтады
Фото: stories/aigulmukei
1,342
оқылды

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей төртінші қызын құшағына алған Баян Мақсатқызын құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол продюсерге күш-қуат тілеп, ақ тілегін жеткізген.

"Бүгінгі күннің басты тақырыбының бірі – Баян Мақсатқызының Алма есімді қызының өмірге келуі. Шын жүректен құттықтаймын және көбірек күш пен шыдам тілеймін. Себебі кейде менің шыдамым жетпей кететін сәттер болады. Бірақ бала деген біздің шексіз бақытымыз. Барлық бала аман-сау болсын", - деп жазды Айгүл Мүкей әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.