Синоптиктердің мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, тұман: 27-29 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,600
оқылды

“Қазгидромет” РМК 27-29 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі. Жоғары қысым алқабының енуімен еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

Сондай-ақ, ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градус жылыға дейін;  солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градус жылыға дейін; солтүстікте 17-25 градус жылыға дейін; орталықта 18-28 градус жылыға дейін; елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының 22-30 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.