Жобаны қабылдау еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болады
Фото: ҚазАвтоЖол
1,690
оқылды

Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында министрдің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Үшарал – Достық ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

​Бұл жобалар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.

​«Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

​Көлік министрлігі қазақстандықтардан осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.