Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды.
Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды
Фото: ktf.kz
766
оқылды

Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Теннис федерациясының мәліметінше, Жалғасбай Барселонада (Испания) J100 жарысында жеңімпаз атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.

Өткен аптада Дамир Польшада J100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді. 

Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды. Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды. Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.