Енді Нышан қола медаль үшін күресетін болады.
Нышан Өмірәлі жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: Мейіржан Амангелдиев
1,454
оқылды

Қазақстандық пара таеквондошы Нышан Өмірәлі, К44 +80 кг класында, жұбаныш жекпе-жегінде хорватиялық спортшы Иван Микуличті 24:8 есебімен жеңді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Енді Нышан қола медаль үшін күресетін болады. Жекпе-жек Астана уақытымен 22:20-де өтеді.

Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санатында сынға түскен Нұрлан Домбаев Коста-Рика спортшысы Молина Андреспен  кездесіп, жұбаныш жекпе-жегінде 18:5 есебімен жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. 

Енді Нұрлан Паралимпия ойындарының қола медалі үшін күреседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.