Ұлттар лигасында Қазақстан Норвегия, Австрия және Словенияға қарсы ойнайды.
Қазақстан өз алаңында Норвегиямен тең ойнады
Фото: ҚФФ
829
оқылды

Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті матчын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегияны қабылдаған болатын. 

Кездесу барысында норвегиялықтар үлкен басымдыққа ие болды. Десе де, қонақтар Қазақстан қақпасынан саңылау таба алмады. 

Матч 0:0 есебімен аяқталды. 

Айта кетелік, Ұлттар лигасында Қазақстан Норвегия, Австрия және Словенияға қарсы ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.