Алдағы күндері жауын-шашын азайып, күндіз жылы болады.
"Қазгидромет" синоптиктері  10-12 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады
12,743
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 10-12 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы күндері ел аумағы арқылы өтетін антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, жауын-шашын  азаяды.

Солтүстікте түнде ауа температурасы төмендегенімен, күндіз күн сәулесі түсіп, күн жылынады.

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында суық ауа массалары таулармен соқтығысып, жаңбыр жауып, түнде соңы қарға айналуы мүмкін.