Бүгін ауа райы қандай болады?
Жауын-шашын, жел, тұман: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
715
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде – найзағай, таулы аудандарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс-Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз..