Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік, жел, жауын-шашын: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
740
оқылды

"Қазгидромет" РМК 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктер еліміздің 16 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. 

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігіне, орталығына тұман түседі. Түнде шығыста, облыс орталығында 2 градус аяз болады деп күтілуде. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. 

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында өрт қауіптілігі сақталып отыр.

Атырау облысының басым бөлігінде де өрт қаупi сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде жауын-шашын болады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батыстан, солтүстіктен, облыс орталығынан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Түнде шығыста, облыс орталығында 2 градус аяз болады. Шығыс облысының батысында, оңтүстігінде,  орталығында жоғары өрт қауіптілігі сақталады. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде, солтүстiк-шығысында жоғары өрт қаупi сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан, облыс орталығынан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыстың көп бөлігінде, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында өрт қауіптілігі жоғары болады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20, кейде 23 м/с. Батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында аса өрт қаупі бар.

Таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан таңертең және күндіз батыстан, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан батыста, облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жел соғады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.