Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше облыста үсік жүреді: 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
516
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон әсерінен бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағы бойынша жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді. 

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.