Президент Агенттіктің төрағасына бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
646
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Жанат Элиманов Президентке көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

Сондай-ақ заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты.

Президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.