Назым Қахарман тіпті балаларының тегін ауыстырмақ болыпты.
Сот Қуандық Бишімбаевтың әйелінің арызын орындаудан бас тартты
ulysmedia.kz
883
оқылды

Қуандық Бишімбаевтың экс-жары Назым Қахарман балаларының әкесін ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа жүгінген. Алайда сот оның арызынан бас тартқан, –  деп хабарлайды Аikyn.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, экс-министр Салтанат Нүкеновамен азаматтық некеде тұрған. Сол себепті, Бишімбаев отбасы мүшесін немесе жақынын өлтірген жоқ деп саналады.

Назымның адвокаты Мадина Уатбекованың сөзінше, бұл шешім мүлде дұрыс емес әрі заңсыз. Егер ата-ана қылмыс жасаса, мемлекет оны ата-ана құқығынан айырады. Осылайша, баланы қорғайды. 

Назым Қахарман тіпті балаларының тегін ауыстырмақ болыпты. Бірақ сот оның бұл арызын да қабылдамаған. Енді ол Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағым түсірмек. 

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Экс-министр қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалған.