Әскерде жүріп, ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтарды Түркияға ем алуға апара жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі.
Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса, үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз", – деп жазды адвокаты.