Бүгін ауа райы қандай болады?
2-3 градусқа дейін үсік жүреді: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
1,810
оқылды

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. 

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, елдің орталығында тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түнде Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында 2-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.