Антициклон сілемі әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтап, онда жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр, жел, тұман: 9 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
955
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 9 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон сілемі әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтап, онда жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр күтіліп, күндіз елдің батысында қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшеюі күтіледі, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Павлодар, Ақмола облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды және Ұлытау облыстарының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктеріндегі және шөлді аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.