Айгүл Иманбаева күйеуімен бірге түскен фотосын жариялады.
"Менің тыныштығым": Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа суретін жариялады
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva
27,296
оқылды

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Өнер иесі отағасы екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жолдасының актрисаны сүйіп тұрғанын байқауға болады.

"Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың", - деген жазба қалдырды Иманбаева суреттің астында.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Бақытты болыңдаршы. Көз тимесін", "Таптым-ау сені деген осы ғой", "Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар", "Әр қазақ қызы бақытты болуға лайықты", "Қандай керемет жұп", - деп жазуда көпшілік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.