Оған бір оқырманы "Әлі ажыраспадыңдар ма?" деген сауал қойды.
Жанқош Тұраровтың әйелі ажырасуға қатысты сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/ klarita_os
2,856
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіде жолдасына қатысты даулы жағдайдан кейін көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортшының жұбайы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап айдарын ашты. Оған бір оқырманы "Әлі ажыраспадыңдар ма не?" деген сауал қойды. 

"Ойлап көріңізші, жоқ",  деп әзілмен жауап қайтарды боксшының әйелі. 

Айта кетейік, Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын. 

Ал боксшы бұл жалған ақпарат екенін айтып, жоққа шығарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.