Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен – 8 169, Ұлттық ұланнан – 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 315, Шекара қызметінен – 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.
ЖОО-да оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімін жарияланды
Фото: kazpravda.kz
2,526
оқылды

Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен – 8 169, Ұлттық ұланнан – 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 315, Шекара қызметінен – 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.

Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті.

Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстанда 20 мың жігіттің әскерге барудан жалтарып жүргені туралы жазған болатынбыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.