Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Ақын-жазушы, суретшілерге мемлекеттік сыйлық берілді
Фото: Ақорда
804
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекеттік сыйлық:

1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.