Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырды.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: Түркістан облысы ПД
754
оқылды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаев тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырды.

Жасұлан Қаржаубайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылы криминалдық полиция саласынан бастап, Түркістан облысы Полиция департаментінде Криминалдық полиция басқармасында және Ордабасы ауданында басшылық қызметте болған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Созақ ауданының полиция басшысы лауазымында абыройлы қызмет атқарған.

Еңбек жолында қылмыстардың азаюы мен жедел ашылуына өзіндік үлес қоса білген және мінсіз қызметі үшін ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, «Алғыс хаттармен» марапатталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.