Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Үш бәйтерегім – асылым, мақтанышым
127
оқылды

Бүркеншік аты: Үшқиян

 

ҮШ БӘЙТЕРЕГІМ – АСЫЛЫМ, МАҚТАНЫШЫМ

 

Тар заманда, ғұмыр кешіп қапаста,

Ант ететін бейқам қарап жатпасқа.

Қазақ үшін атқа қонған үш ұлан,

Алаш үшін бас қосқан-ды о баста.

 

Ақын – жүрек,

елдің мұңын ұғатын,

Оқу, білім жәйін ойлап тұратын.

Жанға батып таяздығы халқының,

Ғылым мәнін ұлтқа үлгі қылатын.

 

Сынға алып ел ішінің таласын,

Ерге балап әр қазақтың баласын.

Қаламымен алдан үміт күтетін,

Жырларымен оята елдің санасын.

Әзелгіден ұғынды бұл үш жігіт,

Ілім болмай бақтың баста тұрмасын.

 

Оқуы жоқ қазағымнан күй кетті,

Надандығы елдің ішін меңдетті.

Көріп талай күндестігін жұртының,

Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер ер жетті.

 

Ілияс ақын оңалмасын қазақтың,

Ұққаннан-ақ “Құлагерін” жыр етті.

Өзге ұлтқа мазақ қазақ тағдырын,

Биекеңнің “Дайрабайы” күлкі етті.

Анненковтан азап көрген ер Сәкен,

“... қапастағы” халқы үшін тер төкті.

 

Сәкен, Ілияс, Бейімбет тудыратын,

Жыр қайда жүректерді маздататын?!.

Игі істері қазаққа құт дарытып,

Үлгі, өсиеті Құрандай сақталатын.

Қырықтың қырқасында үзілсе де,

Мәңгілік бәйтерек боп жайқалатын.

Сәкен, Ілияс, Бейімбеттей жоқ ақын,

Қазақ үшін ақыретке аттанатын.