Мәжіліс депутаты, белгілі блогер Дәулет Мұқаев жаңа трендке жапатармағай еретіндерді сынады.
«Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі»: депутат көрсеқызарларды сынға алды
524
оқылды

Ол көрсеқызар халық екенімізді, маркетинг құрбаны бола беретінімізді жеткізген, деп жазады Aikyn.kz.

«Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой... Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. "Ақша жоқ-жоқ" дейді де, талап алып жатыр халық. Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы, жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса таңғалмаймын.

Ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой  әбестік", дейді халық қалаулысы.

Ол одан да мына қоңыр күзде ет жеп, сорпа ішуге кеңес береді. Міне, нағыз пайдалы тағамның сол екенін айтады.