28 қазан мен 8 қараша аралығында Астана қаласында "Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы өтті.
14 миллион теңгеден астам қарызы бар астаналық көлігінен айырылды
439
оқылды

Астанада жүргізушіден 14 миллион теңгеден астам қарызы бар KIA QUORIS көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шара аясында полиция қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстарды жүргізіп жатыр.

ЖПШ барысында микроқаржы ұйымына 14 миллион теңгеден астам берешегі бар KIA QUORIS көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Атқару өндірісі аясында борышкердің автокөлігі тәркіленді.

Сонымен қатар Тұран даңғылында жүргізілген рейдтер барысында іздеуде жүрген VOLKSWAGEN TOUAREG автокөлігі тоқтатылды. Көлік жүргізушісі жеке кәсіпкерге 4,5 миллион теңгеден астам ірі көлемде қарыз болған.

Көліктер коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізушілерге қарызды төлеу қажеттігі туралы ескертілді.