Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі.
Көктайғақ, тұман, қар: 14 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
878
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 14 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында боранмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-батысында – көктайғақ, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.