Ұшақтың тауға соғылу қаупі болғанын әуе диспетчерлері де растаған. Олар ұшақ экипажына «дереу көтерілуге» нұсқау берген.
Әуежайдан көтерілген ұшақ тауға соғыла жаздаған
Ұшақтың тауға соғылу қаупі болғанын әуе диспетчерлері растаған. Фото USA TODAY сайтынан алынды. Авторлығы: Jeremy Dwyer-Lindgren
4,185
оқылды

Aikyn.kz қауіпті оқиғаны  Quartz сайтында жарияланған хабарламаға сүйеніп талдайды. 

Гавайдағы ең үлкен әуежайдан ұшып шығып, Лос-Анджелес халықаралық әуежайына ұшып бара жатқан Airbus (AIR) A321neo ұшағы тауға соғыла жаздаған. Фото USA TODAY сайтынан алынды. Авторлығы: Jeremy Dwyer-Lindgren

Қауіпті әуе оқиғасы 13 қарашада түнгі сағат 1-де American Airlines ұшағымен болған. Гавай аралының ең ірі Гонолулу әуежайынан ұшып шыққан ұшақ тауға соғылуға аз қалған. Жердегі әуе диспетчерлері ұшақ командиріне «жедел биікке көтерілуге» нұсқау берген.

Қазір Федералдық авиация әкімшілігі American Airlines (AAL) рейсінің қатысуымен болған апатты тергеуде. Гавайдағы ең үлкен әуежайдан ұшып шығып, Лос-Анджелес халықаралық әуежайына ұшып бара жатқан Airbus (AIR) A321neo ұшағы тауға соғыла жаздаған.

«Әуе қозғалысының диспетчері American Airlines 298 рейсіне жедел көтерілуді тапсырған. Өйткені экипаж Гонолулу халықаралық әуежайынан көтерілу кезінде белгілі бір бұрылысты орындай алмаған», – деп хабарлаған Федералдық авиация әкімшілігі. 

Диспетчердің жедел қимылы ұшақтың жақын маңдағы тауға соғылу қаупінің алдын алып, оның қауіпсіздігін сақтаған. 

Қауіпті жағдай American Airlines 298 рейсінде 13 қарашада Гонолулу үстінен көтерілу кезінде болған. Фото иллюстрация kiosquedaaviacao.pt сайтынан алынды

Борттағы жолаушылар үшін жағдайды түсініксіз етіп жіберген тағы бір жағдай – оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1:00-де болған. Америкалық әуе компаниясы CNN-де жасаған мәлімдемесінде ұшақ экипажы қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету үшін дұрыс шешімдер қабылдағанын айтқан.

«13 қарашада Гонолулу үстінен көтерілу кезінде American Airlines 298 рейсінің экипажы оңға бұрылу рұқсатын сұрады. Рұқсат алған соң диспетчерлердің нұсқауларын бұлжытпай орындады. Жерге жақындау туралы ескерту жүйесі (EGPWS) ешқандай қауіптілік белгісін бермеген. Әуе кемесінің ұшу жолына байланысты жер бетіне дейінгі қашықтыққа қатысты проблемалар болған жоқ», – делінген әуе компаниясының мәлімдесінде.

Әуежай диспетчерлері мен ұшақ экипажының жедел қимылдарының арқасында ұшақ қауіпсіз биіктікке көтеріліп, өзінің мақсатты жеріне аман-есен жеткен.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.