Қайғылы оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында болған.
Жамбыл облысында анасы мен баласы көлікте тірідей өртеніп кетті
677
оқылды

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел мен екі жасар бала қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Батыс Еуропа Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында Mercedes автокөлігі жол жиегінде тұрған BMW автокөлігіне жоғары жылдамдықпен келіп соғылған.

«Mercedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгінін игере алмай, апатқа себепші болды. Ол ұсталды. BMW автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мен оның екі жасар баласы өрт салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,  делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша «Екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.