Күдіктіге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Көлігі мен ақшасын тартып алған": Ақмола облысында ер адам такси жүргізушісіне шабуыл жасады
272
оқылды

Ақмола облысында бейтаныс ер адам такси жүргізетін әйелге шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 26 қараша күні Целиноград аумағында болған. Жүргізушінің айтуынша, жолаушы Қоянды ауылына алып баруды өтінген.

Айтылған жерге жақындап қалғанда ер адам әйелге шабуылдап, телефонын, ақшасын және көлігін тартып алған. Әйел жақын елді мекендегі полицияға барып, болған жағдайды айтып, шағымданды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.