Жүргізуші әншіден "Қызды кім ұзатуы керек?" деп сұрады.
«Қазақтың қызын ұзататын – әнші емес, жеңгелері»: әнші Тамара Асар қыз ұзату туралы айтты (видео)
Фото: instagram.com/tamara_assar_official
912
оқылды

Әнші Тамара Асар журналист Дина Төлепбергеннің "Din Dina Show" қыз ұзатуға қатысты пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Жүргізуші әншіден "Қызды кім ұзатуы керек?" деп сұрады. Оның айтуынша, көп адам әншінің тағдырына қарап жатады.

"Қазақ – өте ырымшыл. Қазақтың қызын ұзататын әнші емес, қазақтың қызын ұзататын – екі жағында тұратын, қолтық сүйеген жеңгелері. Жеңгелері дұрыс болуы керек. Әнші тек сол жүрісіне байланысты ән орындайтын адам. Ол тек әнін орындап, екі қолын екі жеңгесіне беріп кетеді. Сондықтан қай әнші, қай әншінің әні ұнайды, соны ғана таңдау керек. Әншінің тағдырын емес", – дейді Тамара Асар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.