Жекеменшік аралы бар кәсіпкердің кеңесімен қандай арал сатып алуға болады? Егер қызық болса мұхиттың ортасындағы ғажайып табиғаты бар арал сатып алу мүмкіндіктерімен танысыңыз.
Жекеменшікке жеті арал сатылады
Әлемдегі 7 керемет аралды жекеменшікке сатып алуға болады. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды
624
оқылды

Quartz сайтындағы мақалаға сүйенген Aikyn.kz «жекеменшік арал сатып алу мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздейді.

Орталық Американың шағын Белиз мемлекетіндегі Кану жекеменшік аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

Дәл қазір әлемнің әрбір жерінде орналасқан 7 керемет арал сатып алуға болады. Private Islands Inc. компаниясының бас директоры Крис Кролоу жеке арал сатып алумен 20 жылдан астам уақыт бойы айналысады. Ол жекеменшік арал сатып алу бойынша жетекші сарапшы саналады. Аралдар мен ондағы жылжымайтын мүліктерді сату, сатып алумен айналысатын компанияның басшысы HGTV (WBD) телеарнасындағы «Арал іздеген аңшылар» бағдарламасын жүргізеді.

HGTV – үй, интерьер, дизайн, жөндеу және жылжымайтын мүлік сатып алуға кеңестер беретін телеарна. Әлемдік деңгейдегі жүргізушілер бағдарлама кейіпкерлеріне армандаған үйін таңдауға, жылжымайтын мүлікті тиімді сатуға, сатып алуға немесе тамаша жөндеу жұмыстарын жүргізуге, стильді интерьерді таңдауға көмектеседі. HGTV көмегімен әлемдегі ең ерекше үйді ғана емес, жекеменшік арал да сатып аласыз.

Кариб теңізінде орналасқан Британдық Вирджин аралдарының құрамындағы Индиго Пойнт жекеменшік аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

Жекеменшік аралға ие болу бүгінгі инвестициялардың ішіндегі ерекше түрі. Алыстағы жеке жағажайда, тербелген пальмалар мен тропикалық құстардың ортасында өмір сүру, демалу қашан да адамдардың арманы болып келеді. Қарапайым адамдар үшін бұл қол жетпес қиял болса, бірнеше миллион доллары бар кәсіпкерлерге әбден мүмкін нысана.

Жағажайдағы сән-салтанаты келіскен үйлер мен түрлі түсті жемістермен безендірілген коктейльдерге қызыққан адамдар үшін жылжымайтын мүлік қана емес, тұтастай аралға ие болуға алып келетін инвестицияны іздеудің уақыты келген сияқты.

«Мен көпшілік білмейтін, сатылым тізімдерінде жоқ аралдарды таптым. Апта сайын ондаған арал иелерімен сөйлесемін. Мүмкін, олар менің шоуымды көріп, аралдың қанша тұратынын білгісі келетін болар. Бірақ бұл әңгімелердің барлығы тіркеледі және барлық арал иесі сатуға сәтті уақытты күтеді», – деп түсіндіреді Крис Кролоу.

Ал Кролоу ұсынатын аралдарды жекеменшік етіп алуға қызыққан бай адамдар жылжымайтын мүлік сарапшыларымен бірнеше маңызды факторларды талқылап алғандары жөн.

Канададағы Поркьюпайн жекеменшік аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

Орталық Американың шағын Белиз мемлекетіндегі Valley Stream жекеменшік тау анклавы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

Жеке арал сатып алу жоспарын мұқият әзірлеу керек. Алдын ала.

«Апта сайын менің командамды қуантатын бірнеше сатып алушылар хабарласады. Мен олардың ойын бірден анықтай аламын. Егер біреу 10 түрлі мүлікке қызығушылық танытып жатса, бұл ойлантатын жағдай. Өйткені әртүрлі жылжымайтын меншікті сатумен салыстырғанда аралды сату өте қиын», – дейді Кролоу.

Кролоу мен оның командасы әдетте кез келген әлеуетті сатушылармен байланысуға шешім қабылдамас бұрын сатып алушылармен телефон арқылы сөйлеседі. Әдеттегі жылжымайтын мүлік мәмілесіне қарағанда тұтастай аралды сатып алу өте күрделі процесс. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Адамдар әдетте аралдар орналасқан аймақтан алыста тұрады. Аралды көрсету үшін үлкен ұйымдастыру сапары қажет. Сондай-ақ сатушылардың да, сатып алшының да бос уақыттары өте аз. Жеке аралдардың иесі болу үшін табыс жоғары болуы шарт, ал ондай кәсібі бар адамның артық уақыты болмайды.

«Сіздің (сатып алушының) кім екеніңізді білмесем, сатушыға бармаймын. Мен аралдың иесін, оның яхтасында, демалысында, кейбір ақымақ сұрақтармен мазаламаймын», – дейді Крис Кролоу.

Тынық мұхитында орналасқан Француз Полинезиясының Моту Мопуа жекеменшік аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

Кролоу сатып алушының жылжымайтын мүлік тәжірибесі және жағалаудағы мүліктерге деген құмарлығын анықтау арқылы мол тәжірибе жинаған.

«Біреудің бізге қоңырау шалып, ештеңе білмеуі өте сирек кездеседі. Шетелдік меншік қалай жұмыс істейтінін олар әдетте өте жақсы біледі», – деп түсіндірді ол.

Оларға келетін сатып алушының әдетте бұрын жағалаудағы мүлікті сатып алу тәжірибесі бар.

Крис Кролоу: «Бұл оның бірінші сәнді активі емес. Ол салыстырмалы меншіктер туралы сұрайды. Ол қызметкерлер туралы және жергілікті тұрғындардың шетелдіктердің жер сатып алуына қалай қарайтынын білгісі келеді. Олар менің жобаларым туралы және қанша табыс әкелетінін сұрайды».

Бұл сұрақтарға жауапты аралдың даму логистикасын білу керек. Болашақ сатып алушы меншікті болашақта қалай қолданатынын жақсы біледі. Бай адамның арманындағы арал ыңғайлы, қазіргі өркениет ұсынатын барлық қызметтерді қамтуы тиіс. Дегенмен бұл қиял мен шынайы өмір шындығы соқтығысатын аймақ. Кейбір жеке аралдардың инфрақұрылымы толығымен дамыған және тұруға дайын болғанымен, көпшілігі уақыт пен айтарлықтай инвестицияны қажет етеді.

Аустралияның Pumpkin (Асқабақ) жекеменшік аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

«Көптеген адамдар Белиздегі жарты миллион долларлық аралды көрдім деп ойлайды және 1 шаршы метрі 500 доллар тұратын бірдеңе сала аламын деп ойлайды. Арал аумағын жобалап, «жалпы алғанда 750 000 немесе 800 000 доллар жұмсаймын» деп ойлайды. Бұл мүлдем дұрыс емес. Сіз сатып алатын аралда құрылыс негізінен аяқталмаған деп ойлауыңыз керек. Оларды толтыру үшін тағы 300 000 доллар жұмсауыңыз мүмкін. Содан кейін сізге күннен қуат алатын резервтік генератор сияқты көптеген жабдықтар қажет болады. Осындай шығындар жинала келе 1,75-тен 2 миллион долларға дейін өсуі мүмкін», – дейді Крис Кролоу.

Бұдан кейін келесі логикалық қадам туралы, өзіңіздің негізгі тұратын жеріңіз материкке оралғанда аралмен не болатынын ойлау керек. Кролоудың айтуынша, оның көптеген клиенттері жеке аралды сатып алып, оны болашақта жалға беретін мүлік ретінде қолданғысы келеді. Сатып алушы аралда қонақтарды тұрақты қабылдау үшін жоғары өмір сапасын ұсыну қажеттігін жақсы түсінеді.

Кариб теңізіндегі Багам аралдары мемлекетіндегі жекеменшік Серенити аралы. Фото Private Islands Inc. сайтынан алынды

«Сіз бай адам болсаңыз, сізге көптеген қызметтер мен ыңғайлылық қажет. Бірақ сіз жылына бірнеше ай ғана аралда боласыз, қалған уақытта ол жұмыс істемейді, бос тұрады. Мысалы, аралдағы аспаз жыл бойы қалып, тек екі ай ғана жұмыс істегісі келмейді. Мен өз клиенттеріме аралды шағын курорт сияқты жұмыс істеуі тиіс екенін ескертіп отырамын. Бұл бәрі үшін ұтымды. Олар аралдың құнын өсіреді және арал кез келген уақытта қожайынның пайдалануына дайын болып тұрады», – дейді тәжірибелі Кролоу.

Жекеменшік аралда отбасы мүшелерімен барбекю мен сусын алдырып, асықпай тамақтанып отырып, ғаламшардағы осы кішкентай орынның өзіне ғана тиесілі екенін сезіну ерекше болар. Және бұл жерде аралға қожайыннан басқа бөтен ешкімге кіру рұқсат етілмейді. Әрине, кәсіпкердің адал еңбегіне сатып алынған, салығы төленген мүлік құқығын әркім де құрметтейді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.