Алаяқтық жасаған күдікті 20 млн теңгеге жуық шығын келтірген.
Шетелде демалмақ болған астаналықтар алаяқтың құрбаны болды
485
оқылды

Астанада қала тұрғындары шет елге жалған билет сатқан алаяққа алданғандарын айтып, полицияға арыз түсірген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жәбірленушілерге арзан бағада Вьетнамға әуе билеттерін сату жөнінде ұсыныс білдіргені мәлім болды. Елорда тұрғындары билеттердің бағасын онлайн төлеммен жіберген, төлемді алған соң, ол жәбірленушілерге жалған билеттің электрондық нұсқасын жіберді. Ұшатын күні әуежайда жәбірленушілер алданғандарын түсініп, сан соғып қалған.

Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасаған 33 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу кезінде күдіктінің тағы 70 ұқсас қылмысқа, соның ішінде Алматы қаласында да жасаған қылмысқа қатысы анықталды.

Осылайша жалпы 20 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Күдікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.