Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түркістан облысы:
– 2024 жылғы 15 желтоқсанда сағат 22:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-674 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Жамбыл облысы:
– 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 22:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Жолды 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.