Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.
Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген маңғыстаулық ер адам қайтыс болды
415
оқылды

Маңғыстау облыстық әкімдігінің алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам ауруханада көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратты облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

Оның айтуынша, жәбірленуші оқиғадан соң ес жимастан 17 желтоқсан күні таңғы сағат 9-да қайтыс болғанын айтты. Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. 

– Денесінде  98% термиялық күйік болды. Біз ол ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қан қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды, – деді Бекібаев.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні маңғыстаулық ер адам облыстық әкімдік алдында өзін өртеп жіберген болатын. Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған.