Қарағанды облысының полиция қызметкерлері «Қарағанды-Астана» тасжолында Audi A6 көлігін тоқтатты.
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
529
оқылды

Көліктен жалпы салмағы 266 келі болатын 13 қап марихуана тәркіледі,  деп хабарлайды Aykin.kz.

Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.

 Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.