Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеу-оперативтік тобының құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.
Оқиға орнына Үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ құлағанын хабарлаған едік.
Ақтау маңында құлаған ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған.
Ақтау (Маңғыстау облысы) маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала жедел деректер бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілгенін мәлімдеді.
Ақтау маңындағы қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Президент тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
Сондай-ақ Ақтау маңында болған ұшақ апатынан тірі қалғандардың тізімі жарияланған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.