Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыр өңірінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12 300 орындық 21 білім ордасын салу жоспарланғаны белгілі.
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
136
оқылды

Соның негізінде елдегі білім ошақтарының санын көбейту, Ұлттық жоба аясында мектеп салу межесін арттыру «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапты. 

Негізінен, Қызылорда облысында Ұлт­­тық жоба шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Құрылысы қарқын алған бі­­лім ошақтарына партия тарапынан ба­қы­лау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Қазір облыс орталығындағы Арай ша­­ғынауданында бой түзеген 1 500 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы қарқын алған. Құрылыс жұмыстарын партия өз бақы­лауында ұстап отыр. Өз кезегінде партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов, Партиялық бақылау комис­сия­сының аймақтық төрағасы Нұркен Ба­­қыт­бекұлы және қалалық комиссия мү­­ше­лері құрылыс басында болып, атқа­ры­лып жатқан жұмыстар барысымен танысты. 

Бақылау комиссиясына құрылыс нысанына тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ» өкілдері құрылыс жұмыстарының келер жылдың қыркүйек айында аяқталатынын мәлімдеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 60 пайыздан астамы аяқталған. 

Кездесуде партия филиалының төрағасы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы құрылыс жұмыстарының уа­қы­тылы, сапалы аяқталу қажеттілігін айтты. 

Негізінен, биыл Сыр өңірінде Ұлттық жоба аясында 4 «Жайлы мектеп» ел игілігіне табысталмақ. Оның біреуі Қызылорда қаласында болса, екеуі Жаңақорған, біреуі Арал ауданына тиесілі. Соның ішінде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп бұған дейін іске қосылғаны көпке мәлім.

Осы орайда айта кеткен абзал, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандарына кестеге сәйкес жыл бойы рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Нәтижесінде, жыл басынан 76 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылып, бүгінгі күнге дейін 54 нысан пайдалануға беріліп отыр. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы