Ақтауда оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген жолаушылар ұшақ құлар алдында бортта не болғанын айтып берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Царьградқа» сілтеме жасап.
Куәгерлер екі бірдей төтенше жағдай болғанын айтқан. Ұшақ құстармен соқтығысып, бір құс қозғалтқышқа кіріп кеткен. Бірнеше минут өткен соң салонда оттегі баллоны жарылып, соның салдарынан ұшақ тез құлай бастаған. Жолаушылардың көбі есінен танып қалған.
Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы растады.
Қазір 29 адамның тірі қалғаны белгілі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.