BMW кеңейтілген шынайылық (AR) пен панорамалық дисплейлерді болашақ көлігінің бақылау тақтасында біріктіреді. Бұндай көлік ғарыш кемесінен де күрделі болмақ.
Жаңа BMW көліктері ғарыш кемесінен де күрделі
BMW көліктегі ақпараттық ойын-сауық кешінін жаңартып, жаңа технологиялармен қайта жасақтайды. Фото carbuzz.com сайтынан алынды. Авторлығы: BMW
447
оқылды

Aikyn.kz атақты неміс концерні шығаратын көліктің жаңашыл дизайнын newatlas.com сайтындағы хабарламаға сүйеніп талдайды.

2025 жылдың соңынан бастап концерн көліктеріне «Panoramic iDrive» жүйесі орнатылады. Фото greenwheelsindia.com сайтынан алынды. Авторлығы: BMW

BMW өзінің көліктегі ақпараттық ойын-сауық кешінін жаңартып, үйлесімді жұмыс істейтін жаңа технологиялармен қайта жасақтауда. 2025 жылдың соңынан бастап концерн өзінің барлық көліктерін жаңа экрандар мен жаңартылған бағдарламалық қосымшамен біріктіретін «Panoramic iDrive» деп аталатын жүйемен жабдықтауды бастайды.

Бұл жүргізушіге арналған орынның эволюциясы ғана емес: ол іс жүзінде 2001 жылдан бері BMW көліктеріндегі ажырамас қондырғыға айналған шертпе дөңгелегі бар iDrive контроллерінен бас тартуға алып келді. Параметрлерді қолдың қимылымен өзгертетін қимылды басқару элементтері де алынып тасталды.

Аталған екі режимнен бас тарту туралы шешім жүргізушінің осы екі өзара әрекеттесу режимін өте сирек пайдаланатыны анықталған соң қабылданған. Енді барлық функциялар сенсорлық экрандарға орнатылады. Сонымен, көлікте ғарыш кемесіндегідей үлкен экрандар болады. Panoramic iDrive жүйесі төрт негізгі компоненттен тұрады:

BMW Panoramic Vision – негізгі жүргізу және көлік туралы ақпаратты көрсету үшін алдыңғы әйнектің бүкіл ұзындығын қамтитын жұқа экран;

Орталық дисплей – жүргізушіге арналған үлкен сенсорлық экран;

Жаңа көпфункционалды рөл дөңгелегі тактильді кері байланыспен қамтылған;

Қосымша 3D кеңейтілген шынайылық (AR) жоғары дисплейі – жүргізушінің көз алдында навигация және көмек туралы ақпаратты шығаруға арналған.

Panoramic iDrive жүйесі төрт негізгі компоненттен тұрады. Фото bmwgroup.com сайтынан алынды

BMW қайта ойластырылған, жүргізушіге бағытталған жүйе мен қарапайымдылық пен интуитивті, дизайн ұсынады. Осы мақсатта автоөндіруші жаңа жүйе мен дизайнның әрбір белгішесі мен түймелерін өзара байланыстырып, олардың әрқайсысын мұқият және ұсақ тетіктеріне дейін ойластырып, интерфейсті жаңартпақшы. Сонымен қатар, көлікке табиғи тілдегі дауыстық командалар үшін үлкен тіл үлгісімен (LLM) жұптастырылған жеке көмекші орнатылады. Басқа өзара әрекеттесу әдістерін жою арқылы BMW аспаптар кластері мен ақпараттық ойын-сауық басқару кешені мен элементтерін болашақ модельдерде жылдам өзгертіп, оңтайландырып, нақтылайтын болады.

Осы жаңа құрастырылған экожүйе үйлесімді жұмыс істеуі үшін көп зерттеулер қажет болған. BMW өзінің көліктегі жүйелерін бірнеше жылдар бойы жетілдіру үстінде: iDrive түймесі алғаш рет 24 жыл бұрын пайда болды, ал кеңейтілген шынайылықтың (AR) бас дисплейінің бірінші нұсқасы 2003 жылы 5 серияда дебют жасаған еді.Жаңа жүйе мен дизайнды жасаушы команда үлкен экрандарға көшу тенденциясын өздеріне ыңғайлап пайдаланғаны да назар аударлық. BMW өкілдерінің айтуынша, Panoramic iDrive жүйесі алғаш рет осы жылдың соңында Neue Klasse электр көліктерінің жаңа буынына қойылады. Алдымен спорттық седан және батыл жаңа дизайнмен жасалған iX3 нарыққа шығады. Кейінірек біз ұқсас стилистикалық шешімдерді ішкі жану қозғалтқышы бар дәстүрлі модельдерден де көретін боламыз.

Айтылған жүйемен BMW біраз уақыттан бері жұмыс істеп жатыр. Жаңартулар туралы алғаш рет 2023 жылдың наурызында айтылды. Әрине, жаңартылған жүйенің қаншалықты сәтті болғанын біраз рөлде отырып, жүргізу тәжірибесі барысында білетін боламыз. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.