Өнер адамының ойы да ерекше, шабыт пен сезімге, ішкі толғаныс пен қиялға негізделген. Олар табиғаттан сұлулық, айналадан әдемілікті де бірінші көреді. Жалпы спектакльдің сәтті шығуы үшін режиссура мықты болуы керек пе? Әлде актерлік ойын ба? Бұл жайлы театр актері Әнуар Бектастен сұрадық.
Менің ойымша, ең алдымен, режиссер мықты болуы керек. Режиссер актерден 4-5 бас жоғары тұрады. Ол мықты болса, өзінің соңынан актерлерді ерте алады. Режиссер актердің қойған кез келген сұрағына логикалық тұрғыдан да, басқа жағынан да актер қанағаттанатындай жауап бере алуы керек.
Мүмкін қазір актерлік тұрғысынан аздап эгоизммен айтып тұрған шығармын, бірақ меніңше актерді өсіретін де, өшіретін де режиссер. Мысалы, кейбір қойылымдарда актерлік ойын жоғары деңгейде болғанымен, режиссура, тіпті драматургия болмауы мүмкін, ол жағдайда актерлерге обал болады. Әрине, мықты режиссерлер де бар. Жоғарыда айтқанымдай, ең бастысы – процесс.
Мысалы, керемет актриса Шолпан Хаматованың бір сөзі бар: «Маған нәтиже маңызды емес, маған үдерістің өзі маңыздырақ. Мен жобаны басынан аяғына дейін дайындықпен өткізіп, оны премьерада басқа актер немесе актриса орындауы үшін бере аламын». Енді Шолпан Хаматованың қаншалықты олай істей алатынын білмеймін, бірақ мәселе солай ойлай алуында.
Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.