Қытаймен шекарада әскери техниканың топталу себебі белгілі болды
Қытаймен шекарада әскери техниканың топталу себебі белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
325
оқылды
Қорғаныс министрлігі Аягөз қаласының маңына әскери техникалардың топталу себебін түсіндірді. «2020 жылдың 18 наурызында әскери даярлықты тексеру бойынша бұрын бекітілген жоспарға сәйкес Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі әскери даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Барлық техника жұмыс істеп, уақытында шықты. Техника мен әскери қызметшілер өзін мықты қырынан көрсетті. Марш болмады. Техникалар қосымша қаралып, екі сағаттан кейін тұрақты дислокация бекетіне қайтарылды», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен. Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған. «Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты дислокациялардағы барлық пунктің тексерісі тоқтатылған», - делінген хабарламада. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінде жыл сайын жүзге тарта әскери жауынгерлік даярлық өтетінін хабарлайды. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әскери техникалардың топталып тұрғаны көрсетілген видео тараған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=PHBLsS9x8xQ&feature=emb_logo