ТЖМ ресми хабарлама таратты
Қостанайда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты
Видеодан скриншот
126
оқылды

Бүгін Қостанай қаласындағы Қобыланды батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бес қабатты үйдің екінші қабатында жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 20 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару жұмыстары кезінде тұрғындардың өміріне қауіп төнген жоқ.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.