Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Астанада екі адам терезеден секіріп кетті
217
оқылды

18 желтоқсанда полицияға  Highvill  тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру барысында оның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Сол күні елорданың басқа ауданында бір әйел тұрғын үйдің 18-қабатынан құлап кеткен.

Қалалық Полиция департаментінде аталған оқиғалардың бір-бірімен байланысы жоқ екені хабарланды. Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.