Covid-19 дертін жұқтырғандардың жалпы саны 137-ке жетті
Covid-19 дертін жұқтырғандардың жалпы саны 137-ке жетті
5,271
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының 9 тұрғынынан және 2 алматылықтан коронавирус дерті расталды. 27 наурыздағы сағат 20:05 жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 137 адам қауіпті дертті жұқтырған. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 69 адам, Алматы қаласында – 50 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 137 науқас тіркелді.