Жаңалыққа толы жаңа тоқсан
Жаңалыққа толы жаңа тоқсан
272
оқылды
  Мектеп оқушылары 6 сәуір­­ден бастап қашықтан оқу жүйесіне көшеді. Қазір мамандар жер-жерде он­лайн сабаққа қа­тысуды сы­нап көріп жа­тыр. Көпшіліктің сұрағы ком­пьютер мәселесі мен те­леарна арқылы өтетін дә­ріс төңірегінде түйіседі. Жоғарыда айтқанымыздай, 6 сәуірге министрліктен бастап ата-анаға дейін қызу дайындық жүргізуде. Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдегендей, қазір Бі­лім және ғы­лым министрлігі ұйым­дас­тыру тетіктерін пысық­тау үс­тін­де. «Еларна» мен «Балапан» ар­на­сынан оқушыларға арналған бейне сабақтар көрсетіледі. Ми­нистрдің айтуынша, Білім және ғы­лым министрлігі дайындаған бей­несабақтар негізгі емес, қо­сым­ша білім береді. Сәйкесінше, қа­зақ тіліндегі сабақты «Ба­ла­пан» арнасынан, орыс ті­лін­дегі нұс­қасын «Еларнадан» береді. Осы тұста ата-ана тарапынан сұрақ туындайды. Көпшілігі те­леарна арқылы сабақты бас­тауыш сынып оқушылары оқи­ды деген пікірде екен. Кейіннен бел­гілі болғандай «Балапан» ар­­­насында дүйсенбі-жұма күн­де­рі 09.00 мен 14.40 аралығында 1-11-сынып оқушылары қо­сым­ша білім алады. Дегенмен жа­қын ара­да сабақ кестесі бе­кітіліп, жо­ғарыдағы уақыт өлшемі өз­геруі мүмкін. Министрлікке телеарна ар­қы­лы дәріс оқу турасында сауал жолдағандардың арасында біз де бар­мыз. Білім және ғылым вице-ми­нистрі Шолпан Каринова «Ашық алаң» бағдарламасына кел­ді. Эфир барысында ол теле­са­бақ­тың кілтін ашып, дәрістің қа­н­дай бағытта жүретінін атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, бұл – ұстаз бен оқушыға көмекші құ­рал. Бүгінде 200-ден аса бей­не­сабақ түсірілген. Оған Нұр-Сұл­тан қаласы мектептері мен ха­лық­аралық білім ордаларының ең мықты мамандары жұмыл­ды­рылған. Телеарнада өтетін сабақ не­гізінен IV тоқсанның білім қор­жынын қамтиды. Өйткені ми­­нистрлік жыл соңында мем­ле­кеттік стандартты орындауы тиіс. Әрі  әр дәріс  оқу бағдар­ла­ма­сына сай түзілген. Шолпан Таңат­қызының мәлімдеуінше, бі­лім мазмұнын Ы.Алтынсарин атын­дағы Ұлттық білім ака­де­мия­сы қадағалайды. Ал акаде­мия әдіскерлері түсірілім жұ­мыс­тарының басы-қасында жүр екен. Иә, вице-министр сөзінің жаны бар. Өйткені бұған дейін орта білім жүйесінде қашықтан оқу жүргізілмеді. Еліміздегі 6 мыңға жуық мектеп Kundelik.kz-ті толтырып, элек­тронды оқу­­лықпен танысса да, қашықтан оқыту – таңсық жүйе. Сон­дықтан министрлік ұстаздарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.  

Компьютер жайы қинайды

Қашықтан оқу сөз болғанда алғашқы мәселе – интернет сапасы мен компьютер тапшы­лығы. Өйткені әлеуметтік желіде жағдайының жетпейтінін айтып, қай құралдың қажет екенін білмей шырылдап жүрген ата-ана көп. Осы орайда Білім және ғылым вице-министрі еліміздегі мектептердің 98%-ы интернет жүйесімен қамтылғанын атап өтті. Ал сөз төркіні үйдегі ин­тер­нет пен ата-ана жайын нұсқа­ғанда ми­нистрлік жергілікті Білім бас­қар­маларымен келелі кеңес өткізген.    width=   Жалпы, елімізде жағдайы төмен отбасында мектеп жасын­дағы 350 мың бала бар. Мұны министрлік тізімдеген екен. Мәселені үш тараптан шешуді көздеген олар алдымен мектептегі компьютерлерді оқушыларға жеткізуді ойлап отыр. Одан кейін үнемделген қаражат есебінен компьютер мен планшет алуды қарастырмақ. Үшіншісі, әрине, жомарт жанның көңіліне ықтияр. Кімнің үйінде бос компьютер бар, соны мұқтаж адамға беруін сұрайды. Бұл жұмысты жергілікті билік, Білім басқармасы мен әкімдікке тапсырады. Ал Ұлттық білім Академиясы мұны үш түрге бөліп қарастырады. Алдыңғысы – ұстаз да, оқушы да онлайн сабаққа қатысатын топ. Екіншісі – мұғалімде мүмкіндік бар болғанымен, оқушы онлайн дәріске қатыса алмайтын бөлік. Үшінші тарапта – үйінде мүлдем интернет желісі жоқ, оффлайн режимдегі оқушы. Сондықтан олар бар мүмкіндікті сынап көруді жөн дейді. Әлеуметтік желі мен смартфонды да оқу алаңына айналдыру керегін алға тартты. Айта кетерлігі, онлайн білім алуға смартфон жарағанымен, білім беруге компьютер қажет. 1 аптадан соң IV тоқсан бас­талады. Қашықтан оқу көшіне ілесу үшін мұғалім мен оқушы дайындықты бастап кетті. Ара­сында сынақ түрінде онлайн сабақ ұйымдастырылады. Осы сабақты бақылап жүрген ата-ана Ардагүл Нығметтің айтуынша, интернет сапасы нашар болса бала көңілі сусап қалады. Дәрісті қарағысы келмей, мәжбүрлеген соң орнынан тапжылмайды екен. Ба­ласы қашықтан оқуға көш­кесін ата-ана ең мықты деген ин­тер­нет пакетті сатып алған. Алай­да арнайы қосымшаға кір­генде бә­рібір интернет сапа­сы­нан платфор­ма мардымды жұмыс істе­мейді. «Мә­селенің бәрі интернет сапасына келіп тіреледі» дейді ата-ана.  

Демалыс сұрап жүрген кім?

«Онлайн сабақ, басқа деп мұ­ғалімдерді шаршатпай, жап­пай мектепті 25 мамырды күтпей ка­никулға жіберу керек» де­ген үндеу негізіндегі хабарлама Facebook-тен бастау алып, WhatsApp мес­сенджері арқылы тарап жатыр. Автордың сипаттауынша, қазір шала жансар, қалтырап-дірілдеп жасалған дүниеден ештеңе өн­бейді-мыс. Осындай мәтіндегі ха­барламаға ұстаздар қауымы дүр­лікті. Өйткені мектепті тарат­са, мұғалімге жалақыны кім бермек? Әлеуметтік желіде Айман Сағидулла бастаған ұстаздар жазбаға қарсылығын білдірді. Әрі 11-сынып оқушыларының қайтсе де білім алуға ұмтылу керегін меңзеді. Қазір каникулға жібердік дегеннің өзінде жазда оқу жандануы мүмкін екенін алға тартты. Ал бұл мемлекеттік стандартты бұзады. Ұстаздар қауымының ойын­ша, қайта білім жүгі жеңілдейді. Себебі ата-ана үйінде баланың сабағын жан-жақты қадағалауға көшіп, өздері де жаңаны үйрен­бекке бет бұратынына сенімді. Смартфонды уақыт өткізу құралы емес, тиімді пайдалану режимі оқу санасына сіңетініне қуанады. Ал қашықтан оқуға күмәнмен қарап, қолдан келмейді дей­тіндерге белгілі ұстаз Өмір Шы­ныбекұлының айтары бар.  «Түбі қа­шықтан оқыту мен оқуды үй­ренуіміз керек еді. Төтенше жағ­дай болмағанда «анау жоқ», «мы­нау жоқ» деп жүре берер едік. Қа­шықтан оқыту мұғалім мен оқыту­шыға немесе оқушы мен сту­дентке ғана қажет емес. Бүгінгі жаңалық ертең ескіріп жатқан мынау заманда бәрімізге қажет. «Өсемін» дейтін жас маманға, «көштен қалмайын» дейтін сақа маманға қажет. «Балам білімді болсын» дейтін көзі ашық ата-анаға керек» дейді ұстаз.  

 width=   Айзат АЙДАРҚЫЗЫ