Туризмді тұралатқан төтенше жағдай
Туризмді тұралатқан төтенше жағдай
302
оқылды
Елде төтенше жағдай жарияланғалы шетелден елге қайтқан отандастарымыз туралы ақпарат қарша борап жа­тыр. Олардың біразы шекара жабылмай тұрып ту­ған топыраққа оралса, біразын СІМ мен Туристік қамқор қо­ры елге жеткізді. Өз күшімен қайтқандар да бар. Бір ға­на қордың өзі 4 500 қазақстандыққа көмек қолын со­зып үлгеріпті. Бүкіл әлемге жайылған пандемия шекараны қымтап, кіріс-шығысты шектеуге мәжбүрлеп отыр. Соның кесірінен турфирмалардың жұмысы түгел тоқтап, коронавирустан толық айыққанша бұл бизнес оңалмайды деген сөз. Яғни, біздің туристік фирмалар да белгісіз уақытқа дейін жұмыссыз қалды. Рас, елде төтенше жағдай жа­­рияланғалы туроператорлар жұ­мысын тоқтатты. Бірақ одан бұ­рын да тұтынушысынан айы­ры­лып отырғандар бар екен. Қы­тай туристерін елге әкелумен ай­налысатын QTrip ком­па­ния­сы бас директорының ай­туын­ша, шығыстағы көршімен ше­ка­ра жабылғалы кәсібінің берекесі қаш­қан. Алғашында Сингапур, Тай­вань, Малайзиядан келген ту­ристерді қанағат тұтқанымен, бұл елдерді де індет жайлап, сая­хат­шылар сап тыйылады. Сон­дық­тан ақпанның 1-інен бас­тап кеңсесін жауып, қыз­мет­кер­лерін ақысыз демалысқа жі­берген. оларды енді қашан жұмысқа шақыратынын да білмей отыр. Себебі Қытай ко­ронавирусты жеңгенімен ту­ристерін шетелге шығара қоюы екіталай. Өйткені олар­дың бас­қа елдерден инфекция жұқ­тырып әкелу қаупі бар. Бұл – ке­мі бір жыл жұмыс жүрмейді де­ген сөз. Тығырыққа әб­ден ті­рел­ген кәсіпкер мем­ле­кет көме­гінен де құр қалуы мүм­кін екен. «Абырой болғанда фирма­ның мойнында несие жоқ. Ал қыз­меткерлердің қарызы бар-жоғын білмеймін. Бізде қазір жалақы төлейтін қаржы жоқ. «Атамекен» палатасы ТЖ кезін­де жұмысы тоқтағандарға осын­дай көмек болатыны туралы ақ­­па­рат жіберді. Онда соңғы үш айда жа­лақы, салық төленген болуы ке­рек екен. Ал бізде екін­ші ай­дан бастап жалақы төлен­бе­ген, бі­рақ салық төлеп отыр­мыз. Сон­дықтан бұл көмекке ілі­не­міз бе, жоқ па білмей отыр­мыз», – дейді Алма Берма­ғам­бетова. Компанияда жеті адам қыз­мет етеді. Былтыр олар елге 3 500 турист әкелген.  де­ні  – аспанасты елінен келген аза­маттар. Жал­пы, былтыр Қа­зақ­станға 55 200 қытайлық қы­ды­рып келіпті. Көрші тұрған ел­дер үшін бұл өте тө­мен көр­сет­кіш екені рас. Де­генмен тө­тен­ше жағдай дамып келе жат­қан саланы одан сайын тұра­ла­тып тас­тады. Орта есеп­пен бір ту­рист күніне 100 доллар жұм­­са­са, бес-алты күн қыдыр­ған сая­хатшы ел қазынасына кемі 500-600 доллар тастап ке­теді. Яғни, коронавирус індеті жай­ла­ғанға дейін бұл ел бюд­же­тіне ай­тар­лықтай кіріс кіргізіп отыр­­­­ған бизнес еді. Қа­зақ­­стан ту­рис­тік қауым­дас­ты­ғының бас­шысы Рашида Шай­кенова бұл елдің әлеу­меттік жағ­дайына қат­ты әсер етеді деп отыр. Өйт­кені са­ла қызметкерлері тү­гел­дей жұ­мыссыз қалған. «Мемлекет  туристік биз­нес­­ке көмек көрсетуі керек. Өйт­ке­ні бұл – әлеуметтік мәселе. Ту­ристік бизнесте көбіне әйел­дер жұмыс істейді. Оның ішінде жал­­ғызбасты аналар көп. Мү­ге­дек балалары бар отбасылар да же­теді. Бүгінде кәсіп иелері қыз­­­меткерлерін ақысыз дема­лыс­қа жіберуге мәжбүр. Ал жұ­­­мыссыз қалғандар қалай өмір сү­реді? Сондықтан бар жұмыс орын­дарын сақтап қалу үшін мем­лекеттің қолдауы керек. Қа­­зір санаторийлер мен лагерь­ді қоспағанда 4000 жұмыс орны жабылғалы тұр. Турбизнесте ша­мамен 3 500 ойыншы бар. Әр ком­панияда кемі 5-6 адам іс­тей­ді деп есептеген күннің өзін­де қаншама адамның жұмыссыз қал­ғанын көруге болады», – дей­ді ол. Дегенмен мамандар елдегі тө­­тенше жағдайдан ішкі туриз­м­ге қарағанда, сыртқы туризммен айналысатын компаниялар кө­бірек зардап шегіп отырғанын айтады. «Қазір бізде ішкі туризммен ай­налысатындардың бәрінде қарыз жоқ деп ойлаймын. Кре­дит­тері бар шығар. Бі­рақ біз көп ақша салғанымыз жоқ. Ал сыртқы туризмнің қа­ры­зы көп. Ең басты проблема – ту­рис­тердің ақшасын қайтару. Аут­баунт фирмалардың қара­жа­ты жетпей жатыр. Өйткені олар – ай­налымда жүрген ақша. Олар қа­зірдің өзінде жан-жақта жүрген 4 500-ден астам туристі қай­тарды. Содан кейін олар да жұмыссыз қалды ғой. Оларда да ең­бекақы мен жалға алу мә­се­ле­сі шығады. Олардың қыз­мет­керлері көп. Бір фирмада 50-60 адамға дейін істеуі мүмкін», – дейді QTrip ЖШС бас дирек­торы Алма Бермағамбетова. Оның ойын әріптестері де қуат­­­тап отыр. Сондықтан осын­­­­­дай қиын кезде түсіністік та­­­­­нытып, компанияларға қол­дан келгенше көмектесу керек деп санайды. Сондай-ақ бұл мәж­бүрлі үзілісті пайдаға да асы­руға болады деп санайды ма­мандар. «Бұл мәжбүрліктен туып отыр­­ған жағдай екенін түсініп отырмыз. Қазір бастысы – ви­рус­тың елге таралып кетпеуін қа­дағалау. Сондықтан туристік ком­паниялар бұл жағдайдың тұрақ­танғанын күтеді. Бұл уа­қыт­та жаңа қызықты бағыттар құрастырып, олқылықтардың ор­нын толтырып, біреулер білі­мін жетілдіреді. Сондықтан бұл уақытты да пайдамен өткізуге ты­рысу керек. Өзгерістер енгі­зе­тін кез. Мысалы, Қытайда ко­ронавирус тоқтаған соң ішкі ту­ризмді дамытуды қолға алға­лы жатыр», – дейді Туристік қам­­қор қорының басқарма бас­шысы Инна Рей. Иә, расында әр нәрсенің қайыры бар. Дегенмен әлемдік туризм биыл кірісінің 80-90 пайызынан айырылғалы тұр. Өйткені кей елдер коро­на­вирус­ты ауыздықтап үлгергені­мен, басқа мемлекетте індет өршіп тұр. Сондықтан барлығы 2020 жылы сырт­тан келетіндер­ге ­шек­теу қоятыны белгілі. Бұған Қа­зақ­станда коронавирус жұқ­тырған бірде-бір адам бол­ма­ға­нына қарамастан, Сауд Арабия­сы біздің азаматтарға виза беру­ден бас тартқаны да дә­лел бола ала­ды. Яғни, отан­дық турфирма­лар да осы уа­қыт­та ішкі ту­ризм­ге кө­бірек көңіл бөлуіне жағдай ту­дырмақ.  Жал­пы, кез келген дағ­­дарыстан кейін дүние дүр сіл­­кінеді деседі. Бұл індет те отан­­дық бизнеске жаңа серпін алу­ға күш береді деп сенейік. Тү­нерген түннен кейін күлімдеп күн шығатынын ұмыт­пайық.  

 width=     Серік СЕЛЕУБАЙҰЛЫ