«10 мың адам қайтыс болған Италия халқынан сұраңыздар» – коронавирус жоқ дегендерге Абаевтың жауабы
«10 мың адам қайтыс болған Италия халқынан сұраңыздар» – коронавирус жоқ дегендерге Абаевтың жауабы
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Соңғы кездері ел арасында «қазір коронавирус ешқандай жаңа анықталған  ауру емес, ол 1965 жылы анықталған.  Адамдардың 70 процентінде оған қарсы иммунитет бар» деген болжам әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр. Осы мәселеге қатысты  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустың тарихына қатысты сұраққа жауап берді. Министрдің айтуынша, халық арасында «қазір коронавирус ешқандай жаңа ауру емес, ол 1965 жылы анықталған және адамдардың 70 процентінде оған қарсы иммунитеті бар» деген әңгіме тарап жүр.
«Коронавирус – ол вирустың бір түрі. Оның 40-тан астам түрі кездеседі. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу Шығыс респираторлық синдром да коронавирустың бір түрі. Шынында да, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі анықталған. Бірақ ол COVID-19 емес. Оны 2019 жылы ғана анықтаған. Сондықтан адамдарда  оған қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Сенбесеңіздер, Италия тұрғындарынан сұрауға болады. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек», – деді Абаев.
Министрдің айтуынша, коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитет қалыптаспайды. Жазылып шыққан адам қайтадан вирусты жұқтыруы мүмкін.