Коронавирустың белгілері қандай болады?
Коронавирустың белгілері қандай болады?
Фото: Интернеттен алынды
342
оқылды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің жедел штабы Telegram-арнасында қытайлық дәрігерлер коронавирус жұққаннан кейін күн сайынғы белгілері қандай болатынын түсіндіріп берді деп жазды. 1-4 күн. Дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттер ауырып, құрғақ жөтел, жүрек айнуы және диарея пайда болады. 5-6 күн. Тыныс алу қиындайды. 7 күн. Тыныс алу қиындай түседі. 8-9 күн. Инфекцияны ауыр тасымалдайтын науқастарда өкпе өмірлік маңызды органдарды оттегімен қажетінше қамтамасыз ете алмайды. 10-11 күн. Басқа да белгілерге іштің ауруы қосылады. 12 күн. Науқастар жазыла бастайды және дене қызуы төмендейді. 17-22 күн. Науқастар емделіп, аурудан кейін қалыпқа келу басталады. Алғашқы белгілер вирус жұқтырғаннан кейін бірден байқалмайды. Вирусты жұқтырған адам бес немесе одан да көп күн бойы аурудың белгілерін сезінбеуі мүмкін.