Қазақстанда 21 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 21 адам коронавирустан айықты
© сурет интернеттен алынды
5,243
оқылды
Қазіргі уақытта 21 науқас коронавирустан емделіп шыққан, - деп мәлімдеді онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «Коронавирус жұқтырған науқастардың ішінде сегізінің жағдайы нашар. Төртеуі жасанды вентиляцияда, жағдайы күнделікті республикалық бас мамандармен талқыланып, бақылауда болады. Сонымен қатар, орташа жағдайда - 30 науқас, жеңіл немесе симптомсыз жағдайдағы 244 науқас бар. Өкінішке қарай, Ақмола облысының бір тұрғыны қайтыс болды. Қазіргі уақытта 21 науқас емделіп шыққан. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Алматы қаласында - 7 адам», - деді ол. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.